Жаңалықтар

Маусымда ауа райы қандай болады?

Облыста маусым айында ауа райы құбылмалы болады. Кей күндері ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілсе, енді бірде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Мамандардың мәліметінше, айдың ең ыстық кезеңі алғашқы онкүндікке сәйкес келеді. Осы уақытта өңірдің кей жерлерінде күн +39 градусқа дейін ысиды.

Дегенмен аптап ыстық ұзаққа созылмайды. Маусым бойы жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шығарда және табиғат аясындағы демалысты жоспарлағанда ауа райы болжамын бақылап отыруға кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button