ЖаңалықтарҚылмыс
Колонияға телефон өткізбек болған ер адам ұсталды

Өскеменде №16 түзеу мекемесінің аумағына екі ұялы телефон өткізуге әрекет жасаған тұрғын ұсталды.
Оқиға мекемені күзету барысында анықталған. Ұлттық ұланның 6699 әскери бөлімінің қызметшілері мен мекеме қызметкерлері тыйым салынған аймақты барлау кезінде 41 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірген.
Тыйым салынған заттар тәркіленді.
Қазір бұл жағдайға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.



