ЖаңалықтарҚылмыс

Алаяқтар жаңа айлаға көшті.Қандай?

Енді интернет алаяқтар танымал тұлғалардың, шенеуніктердің немесе таныс адамдардың атынан жалған парақшалар ашып, қарызға ақша сұрай бастады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар құрып, түрлі сылтаумен шұғыл ақша аударуды өтінеді.

Мұндай хабарлама алсаңыз:

Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз;

SMS-кодтарды, банк картасының деректерін және құпиясөздерді ешкімге бермеңіз;

Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;

Белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз.

Күмәнді жағдай туындаса, адаммен өзіңіз білетін телефон нөмірі арқылы байланысып, ақпараттың рас-өтірігін анықтаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button