Жаңалықтар
Балаларға арналған жаңа даму орталығы ашылды

Облыс орталығында жаңа SANA білім беру орталығы өз жұмысын бастады. Орталық балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, білім, өнер және спорт бағыттары бойынша қызмет көрсетеді.
Мұнда мектепке дейінгі даярлықтан бастап түрлі үйірмелер ұйымдастырылған. Атап айтқанда, балалар гимнастика, хореография, күрес, робототехника және шахмат үйірмелеріне қатыса алады. Бұл бағыттар баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, шығармашылық қабілеті мен дене дайындығын қатар жетілдіруге мүмкіндік береді.
SANA білім беру орталығының басты мақсаты – әр баланың қабілетін ашып, сапалы қосымша білім алуға қолайлы орта қалыптастыру.
Орталықтың мекенжайы: Оралхан Бөкей көшесі, 12/1.



