ЖаңалықтарҚылмыс
ШҚО-да «Жаңа жол» акциясы басталды

Шығыс Қазақстан облысында 13–30 шілде аралығында «Жаңа жол» профилактикалық акциясы өтеді.
Акцияның басты мақсаты – қайталама құқық бұзушылықтың алдын алып, полицияның профилактикалық есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсету.
Акция барысында мамандар азаматтарға жеке құжаттарын рәсімдеуге, жұмысқа орналасуға, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды рәсімдеуге, медициналық көмек алуға және баспана мәселесін шешуге көмектеседі. Сондай-ақ қажет болған жағдайда психологиялық қолдау көрсетіліп, дағдарыс орталықтарына жолдама беріледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара бұрын қателік жіберген азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.



