Басты жаңалық

ШҚО-дан мемлекетке 2,1 млрд теңге қайтарылды. Неге?

Өңірде жыл басынан бері мемлекетке келтірілген 2,1 млрд теңге көлеміндегі шығын өтелді. Бұл туралы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді.

Ірі істердің бірі – «Өскемен әуежайы» АҚ-ның бұрынғы басшылығына қатысты іс. Олар қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, мемлекетке 157 млн теңге шығын келтірген. Сот оларды кінәлі деп танып, келтірілген шығын толық өтелді.

Сондай-ақ бір шаруа қожалығының басшысы жалған құжаттар арқылы 374 млн теңгеден астам мемлекеттік субсидияны заңсыз алғаны анықталды. Ол 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді.

Бұдан бөлек, Марқакөл ауданында заңсыз алтын өндірген топтың қызметі тоқтатылды. Арнайы техника мен өндірістік жабдықтар тәркіленіп, мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Ал Ұлан ауданында заңсыз алтын өндіру фактісі бойынша сот үкімі шықты. Заңсыз айналымнан құны 380 млн теңгеден асатын 6 келіден астам алтын мен арнайы техника тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын 300 млн теңгеден асты, ал қыдмысты ұйымдастырушылар 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button