ШҚО әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Ренат Құрмамбаев тағайындалды. Бұған дейін ол Алтай ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Жаңа қызметінде ол ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етеді.
Ренат Құрмамбаев қызметтегі еңбек жолын 2003 жылы Катонқарағай аудандық мәдениет бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі бас маманы болып бастады. 2005 жылы Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2008 жылға дейін Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008–2009 жылдары Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық бөлімін басқарды. 2009–2011 жылдары ШҚО әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болды.
Әр жылдары Катонқарағай және Ұлан аудандарының әкімі, облы әкімі аппараты басшысының орынбасары және Алтай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2023 жылғы қарашадан осы уақытқа дейін Алтай ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.



