Жаңалықтар

Өскеменде трансформерлер сайлауға қатысты

Өскемендегі №102 сайлау учаскесіне трансформерлер дауыс беруге келді.

Шаһар тұрғындары Ұлықбек пен Мадияр трансформерлердің образын алдын-ала дайындап, сайлау учаскесіне арнайы осылай киініп келген.

— Бүгін еліміздің болашағына өз үлесімізді қосу үшін сайлауға келдік. Досым екеуіміз дауыс берушілердің көңіл-күйін көтеру мақсатында осылай киініп келуді жөн көрдік. Трансформерлер секілді, Қазақстанның болашағын бірге құрайық, – деді Ұлықбек Сейлбеков.

Ерекше образдар тұрғындардың қызығушылығын тудырып, көпшілік олармен суретке түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button