Жаңалықтар

Сайлау уческесіне келген балаларға тегін аквагрим ұйымдастырылды

Бүгін сайлау учаскесіне ата-аналарымен бірге келген балалар үшін арнайы тегін аквагрим ұйымдастырылды. Бұл кішкентай қонақтарға арналған жылы әрі жарқын сый болды.

Шара барысында балалардың жүздеріне түрлі-түсті әдемі суреттер салынып, мерекелік көңіл күй қалыптасты. Шеберлер әрбір баланың қалауын ескеріп, олардың өзін ерекше сезінуі үшін бар күшін салды. Кішкентайлар сүйікті бейнелерін таңдап, ерекше әсерге бөленді.

Ата-аналар мұндай бастаманың балаларға қуаныш сыйлап, сайлау учаскесіндегі атмосфераны жылы әрі отбасылық еткенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button