Жаңалықтар

Өскемен тұрғыны бөтен көлікті металға өткізіп жіберген

Өскеменде 25 жастағы тұрғын екі көлікті заңсыз иемденіп, оның бірін металлоломға өткізіп жіберген. Күдікті есірткіге масаң күйде көлік жүргізген кезде ұсталған.

Полицияның мәліметінше, ер адам аулада ұзақ уақыт тұрған Mazda Cronos көлігін байқап, эвакуатор шақырған. Содан кейін көлікті иесінің рұқсатынсыз алып кетіп, металлоломға өткізген. Осы әрекеттен көлік иесіне шамамен 1 миллион теңге шығын келген.

Арада бір апта өткен соң күдікті тағы бір көлікке көз салған. Қонақта болған кезде кіреберісте тұрған LADA 21703 көлігінің кілтін көріп, оны алып, көлікпен рұқсатсыз кетіп қалған.

Полицейлер оны тоқтатқан кезде медициналық тексеру ер адамның ағзасында каннабиноидтар барын анықтаған. Сондай-ақ оның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button