Жаңалықтар
Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

15 тамызда Өскемендегі онкологиялық орталықта ашық есік күні ұйымдастырылады.
Тұрғындар өкпе ауруларын ерте анықтау және алдын алу бойынша орталық мамандарынан тегін кеңес ала алады. Қабылдауға алдын ала жазылудың және дәрігер жолдамасын алудың қажеті жоқ.
Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алып келу керек. Егер бұрын тексеруден өткен болсаңыз, КТ, рентген, флюорография нәтижелері мен медициналық құжаттарыңызды да ала келген жөн.
Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін Потанин көшесі, 6, 1-ғимараттағы консультативтік-диагностикалық бөлімде өтеді.
Қосымша ақпаратты +7 (7232) 20-89-97 және +7-771-944-48-08 нөмірлері арқылы білуге болады.



