Жаңалықтар
Өскеменде қытайлық жас турист жоғалып кетті

Қытайдан келген 12 жастағы турист сауда үйінде ата-анасынан адасып қалған.
Оқиға кеше сағат 15:30 шамасында болған. Полицияға баланың жоғалғаны туралы хабар түскен.
Белгілі болғандай, жасөспірім қалаға ата-анасымен бірге турист ретінде келген. Сауда үйінде жүрген кезде ата-анасынан көз жазып қалып, оларды өздігінен таба алмаған.
Полиция қызметкерлері бірден іздеу жұмыстарын бастаған. Шамамен 40 минуттан кейін бала табылып, ата-анасына аман-есен тапсырылды.



