Жаңалықтар

ҰОС ардагері сайлауда таңдау жасады

Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Головотюк Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Ардагерге дауыс беру мүмкіндігі тұрғылықты жерінде ұйымдастырылды.

Ардагер елдің болашағы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін дауыс бергенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, әр адамның дауысы маңызды.

— Жақсы өмір, елдің болашағы және мемлекеттің дамуы үшін дауыс беріп отырмыз. Ең бастысы — халықтың игілігі үшін, — деді Михаил Головотюк.

Басқа жаңалықтар

Back to top button