Жаңалықтар
Алғашқы сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау басталды. Өңірдегі 534 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастады.
Алғашқы болып дауыс берген тұрғындар таңдау жасап, азаматтық белсенділігін көрсетті. Оларға естелік сыйлықтар табысталды.
Сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты пікірін білдіре алады.
Айта кетейік, тұрғындар дауыс беруге сағат 20:00-ге дейін қатыса алады.



