Жаңалықтар
ШҚО әкімдігінің қызметкерлері сенбілікке шықты

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып,облыс орталығында сенбілік өткізді.
Тазалық жұмыстарына облыс әкімдігінің басқармалары мен оған қарасты ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Олар қаланың негізгі көшелері мен демалыс орындарын қоқыстан тазартып, жиналған қалдықтарды шығарды.
Сенбіліктің мақсаты – қала тазалығын сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай жұмыстар өңірде тұрақты түрде жалғасын табады.



