ЖаңалықтарСпорт
«Berel» волейболшылары Азия ойындарын жеңіспен бастады

Облыстық «Berel» волейбол клубының екі ойыншысы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.
Татьяна Яцкив пен Юлия Фоменко Жапонияда өтіп жатқан Aichi-Nagoya 2026 Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсетіп жүр.
Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Филиппин спортшыларын 3:1 есебімен жеңді. Юлия Фоменко кездесуді негізгі құрамда бастап, команда жеңісіне үлес қосты.
Осылайша, Шығыс Қазақстанның қос волейболшысы құрлықтық додадағы алғашқы ойынын сәтті өткізді.



