ЖаңалықтарҚылмыс

ШҚО-да заңсыз қару сақтағандар ұсталды

Шығыс Қазақстанда атыс қаруын заңсыз сақтау және қаруға қатысты талаптарды бұзу фактілерін анықтау бойынша арнайы іс-шара өткізілді.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан 4 дана атыс қаруы тәркіленді.

Сонымен қатар қаруды сақтау талаптарын бұзудың 7 жағдайы анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Қаруды тіркеу ережелерін бұзудың тағы 5 фактісі тіркелді.

Ал қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтап, алып жүрген үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз қару айналымының алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Басқа жаңалықтар

Back to top button