Жаңалықтар
«Заречный» базарының саудагерлері жабық павильонға көшеді
Жаңа жабық сауда павильонын жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Заречный» базары аумағын жаңғырту аясында жалпы аумағы 2 600 шаршы метрді құрайтын бір қабатты ғимарат салынды. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары толық аяқталған.
• Сауда нысанын пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр,— деді ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин.
Сондай-ақ, алдағы уақытта базар әкімшілігі аумақта орналасқан сауда үйі мен контейнерлік сауда алаңдарын бұзып, олардың орнына тағы бір заманауи павильон салуды көздеп отыр.



