Басты жаңалықЖаңалықтар

Ертіс көпірі қашан жөнделеді?

Өскемендегі Ертіс көпірінде биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов әкімдікте өткен аппараттық кеңес барысында мәлім етті.

Жоспарға сай, жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында басталып, жаңа оқу жылы қарсаңында аяқталады. Шаһар басшысының айтуынша, көпірдің техникалық жағдайы толық жаңартуды талап етеді.

Әкім көлік қозғалысына түсетін жүктемені азайту басты міндет екенін атап өтті. Осыған байланысты жөндеу барысында қозғалыс сызбасы қайта қаралып, қажет болған жағдайда кері бағыттағы қозғалыс енгізілуі мүмкін. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Көлік қозғалысын ұйымдастыру жоспары әкімшілік полициямен бірлесіп әзірленеді. Ал негізгі жөндеу басталғанға дейін «Таза Өскемен» компаниясына көпірдегі қауіпті шұңқырларды жою және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырылды.

Қала әкімі аталған жұмыстардың мерзімі мен сапасы жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button