Жаңалықтар
Өскемендіктер пәтерлерінің суықтығына шағымдануда

Облыс орталығының тұрғындары жылы ауа райына қарамастан, пәтерлерде жылудың жеткіліксіз екенін айтып шағымданды.
Әсіресе бірінші қабатта тұратындар қатты тоңып, қосымша электр жылытқыштарын пайдалануға мәжбүр екендіктерін айтты. Олардың айтуынша, ЖМК(КШТ), Арматурный, Аблакетка шағынаудандарында, Меновное кентінде және қала орталығындағы бірқатар көшелерде жылыту батареялары толық қызбайды.
Аталған мәселе биыл да жалғасып отыр. Ал жылумен жабдықтаушы ұйым жылу беру ауа райына байланысты реттелетінін, пәтер ішіндегі температура белгіленген санитарлық нормаға сай +18 бен +24 градус аралығында болуы тиіс екенін хабарлады.



