Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО-да қатты аяз болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, облыста алдағы күндері ауа температурасы күрт төмендейді.
Өскемен қаласы
•14 қаңтардан 15 қаңтарға қараған түнде ауа температурасы -26…-28°С болады. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
•15 қаңтар күндіз -21…-23°С. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
•15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түнде -28…-30°С. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
•16 қаңтар күндіз -23…-25°С. Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.
ШҚО
•14 қаңтардан 15 қаңтарға қараған түнде ауа температурасы -25…-30°С, облыстың солтүстігі мен шығысында -30°С-қа дейін төмендейді. Солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, бұрқасын болады.
•15 қаңтар күндіз -20…-25°С, солтүстік және шығыс бөлігінде -30°С. Кей жерлерде қар мен бұрқасын күтіледі.
•15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түнде -28…-33°С, ал облыстың солтүстігі мен шығысында -37°С-қа дейін аяз болады. Қар жауып, бұрқасын соғады.
•16 қаңтар күндіз -23…-28°С, солтүстік және шығыс аудандарда -31°С. Қар мен бұрқасын сақталады.
Мамандар тұрғындарды қатты аяз кезінде алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.



