Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО тұрғындары толықтай ауызсумен қамтылды

Шығыс Қазақстан облысында инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңарту мақсатында бірінші кезекте коммуналдық желілердің ең тозған әрі апатты учаскелері ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

—Өткен жылдың қорытындысы бойынша су құбыры желілерінің тозу деңгейі 47%-ға, кәріз желілері бойынша 69%-ға дейін төмендетілді. Жалпы 358 шақырым сумен жабдықтау және суды бұру желілері қайта жаңартылып, салынды. 2026 жылы 309 шақырым сумен жабдықтау және суды бұру желілерін қайта жаңғырту жоспарланып отыр, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты толықтай сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасы орындалды. 2025 жылы соңғы 8 жоба аяқталып,облыс тұрғындары 100% ауызсумен қамтылды.

Облыста жүргізіліп келе жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2021 жылдан бері 60 жоба аяқталып, 112 шағын елді мекенде кешенді блокты-модульдік қондырғылар орнатылды. 1 мың шақырымнан астам су құбыры желілері салынды және қайта жаңғыртылды. Осылайша, 48 мың аймақ тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button