Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде қоғамдық көлік пен жылы аялдамалардың жұмысы қатаң бақылауға алынды

Шаһар басшысы Алмат Ақышов аппараттық кеңес өткізіп, қатты аяз кезеңіндегі қаланың тіршілік әрекетіне қатысты өзекті мәселелерді қарады.
Кеңес барысында қоғамдық көліктің тұрақты жұмысы, қозғалыс кестесінің сақталуы, жылы аялдамалардың жағдайы, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі, көшелердің жарықтандырылуы және қаланың санитарлық тазалығы талқыланды.
Анықталғандай, қазір қоғамдық көліктің желіге шығуы 90 пайызды құрап отыр.
— Егер жылы аялдамаларда қандай да бір ақаулар болса, оларды дереу жөндеу қажет. Қазір бұл нысандар тұрғындар үшін аса қажет, — деп тапсырма берді қала әкімі.



