Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда вице-президент қызметі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу ұсынылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Президенттің айтуынша, вице-президентті Парламенттің қарапайым басым дауысымен келісу арқылы Мемлекет басшысы тағайындайды. Ал оның өкілеттігі мен міндеттерін Президенттің өзі айқындайды.

Вице-президент халықаралық форумдарда, шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстанның мүддесін білдіреді. Сондай-ақ Парламентте Президенттің ұстанымын жеткізіп, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен байланыс орнатады.

Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президенттің негізгі міндеттері Конституцияда нақты көрсетілуі тиіс екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button