Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда Халық кеңесі атты жаңа орган құрылады

Қазақстанда жаңа билік органы — Халық кеңесін құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда мәлімдеді.

Жаңа құрылым Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың кейбір қызметтерін біріктіреді. Халық кеңесінің құрамына 126 адам енеді, ал оның төрағаларын Президент тағайындайды. Кеңес жылына бір рет жиналатын болады.

Халық кеңесіне заң шығару бастамасын ұсыну құқығы беріледі. Сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері осы органның құзыретіне өтеді. Бұдан бөлек, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұйымдастыру да Халық кеңесіне жүктеледі.

Президент Халық кеңесін Конституцияға енгізу және оның жұмысына қатысты арнайы заңдар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button