Басты жаңалықЖаңалықтар

Шемонаиха ауданында жаңа көпір салынады

Биыл Шемонаиха ауданында Үбі өзені арқылы жаңа көпірдің құрылысы басталады. Жобаның құны 8 млрд теңге деп бағаланып отыр.

Қазіргі уақытта көпірдің жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткен.

Жаңа көпір шекаралық аудан үшін маңызды нысан саналады. Себебі Омбы–Майқапшағай тасжолы Шемонаиха аумағы арқылы өтеді. Бұл бағытпен Қытайдан Ресейге жүк тасымалданады.

Ал қолданыстағы ескі көпір 1962 жылы салынған. Ол бірнеше рет жөндеуден өткенмен, қазіргі талаптарға сай келмейді. Қазір көпір арқылы салмағы 23 тоннадан аспайтын көліктер ғана жүре алады.

Айта кетейік, жаңа көпірдің құрылысына жергілікті мердігерлер де қатысуға ниет білдіріп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button