Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді

Шығыс Қазақстан облысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев келіп, су тасқыны қаупі бар аймақтарды аралады.

Вице-министрдің қатысуымен таулы аймақтардағы өзендер мен көлдердің жағдайы әуе бақылауынан өтті. Сонымен қатар, сел жүруі мүмкін учаскелер тексерілді.

Одан бөлек, Кеген Тұрсынбаев Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарында болды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде су тасқынының алдын алу үшін 28 инженерлік жұмыс атқарылған. Оның ішінде қорғаныс бөгеттері жөнделіп, су бұру арналары тазартылып, өзен жағалаулары нығайтылды.

-Су тасқынына қарсы шаралар барлық қызметтердің бірлесіп, уақтылы жұмыс істеуін талап етеді. Негізгі мақсат — тұрғындар мен инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету,-деді вице-министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button