Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскемен – Зайсан бағытында тікелей рейс ашылады

Өскемен мен Зайсан қалалары арасында тікелей әуе рейсі іске қосылады. 5–28 ақпан аралығында «Южное Небо» әуе компаниясы осы бағытта ұшу билеттерін сатуды бастайды.

Ұшақтар дүйсенбі және сенбі күндері:

• Өскеменнен – сағат 12:00-де,
• Зайсаннан – сағат 13:30-да ұшады.

Ал жұма және жексенбі күндері:

• Өскеменнен – сағат 9:00-де,
• Зайсаннан – сағат 10:30-да әуеге көтеріледі.

Ұшу уақыты – 1 сағат. Билет бағасы – 17 000 теңге.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7252) 920-450 немесе 8-777-502-51-84 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button