Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО сүт өндіруден көшбасшы өңірлердің қатарында тұр

Шығыс Қазақстан облысында мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Өңірде сүт өндірісі 9 пайызға өсіп, 260,5 мың тоннаны құрады. Сонымен қатар ірі қара мен жылқы саны да артқан.
Қазіргі таңда өңірде сүт өндірісін дамыту бойынша елдегі көшбасшы өңірлердің бірі саналады.
Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 31 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланып отыр. Бұл ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және кәсіп бастауына мүмкіндік береді.
Сонымен бірге субсидиялау жүйесін цифрландыру және мемлекеттік қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде.



