Басты жаңалықЖаңалықтар
Қазақстанда көлік бағасы арзандауы мүмкін бе?

Алдағы уақытта елімізде өндіріс көлемінің кеңеюіне байланысты автокөлік бағасы төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, былтыр қаңтар айындағы статистикаға сәйкес, елдегі автокөлік бағасы 105 пайызға өскен. Ал Қазақстанда өндірілген көліктердің бағасы 101 пайыз деңгейінде болған.
—Оттандық зауыттар жыл сайын жаңа маркаларды шығарып жатыр. Нарықта таңдау көбейген сайын, бәсекелестік артып, баға төмендеуі мүмкін,-деді ол.
Сондай-ақ министр отандық өндірістің ұлғаюы қытайлық автокөліктер бағасына да әсер ететінін атап өтті.



