Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО мен Алтай өлкесі арасында келісім хаттамаларына қол қойылды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов бастаған делегация Ресейдің Алтай өлкесі аймағына барды. Сапар барысында аймақ басшысы Алтай өлкесінің губернаторы Виктор Томенко және Үкімет мүшелерімен кездесті.

Кездесуде екі өңір арасындағы әріптестікті нығайту, жаңа ортақ жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық байланыс, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, спорт және білім салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді.

—Біздің өлкелерімізді тек шекара ғана емес, ортақ тарих пен мәдени, экономикалық әріптестік байланыстырады. Екіжақты әріптестігіміз оң қарқынмен дамып келеді. Шығыс Қазақстан конструктивті диалог орнатып, ынтымақтастықты кеңейтуге әркез ашық, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі мен Алтай губернаторы өзара келісімдер хаттамасына қол қойды. Құжатта екіжақты байланысты одан әрі дамыту бағыттары белгіленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button