Жаңалықтар
ШҚО-да тағы күн суытады

Шығыс Қазақстан облысында 20 ақпанда ауа райы бұзылады. Бұл туралы «Қазгидромет» облыстық филиалы хабарлады.
Түнде және күндіз облыстың көп бөлігінде температура -12…-17°С дейін төмендейді. Солтүстік пен шығыс аудандарда -20°С, ал оңтүстік аймақтарда -9°С шамасында болады деп күтілуде.
️Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды аязда сақ болуға шақырады.



