Басты жаңалықЖаңалықтар

Алтайда жаңа сүт фермасы ашылады—ШҚО

Алтай ауданына қарасты Солоновка ауылында заманауи сүт фермасының құрылысы жалғасып жатыр. Жобаны «Елжас» жауапкерілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып жатыр.

Өткен жылы кәсіпорын агробизнесті дамыту мақсатында республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге жеңілдетілген несие алған. Кеңейту жұмыстары аяқталған соң фермада 600 бас ірі қара мал ұсталатын болады. Қазірдің өзінде 400 бас симментал және гольштейн тұқымды сиыр сатып алынған.

Фермаға заманауи ауыл шаруашылығы техникалары әкелінді. Сонымен қатар DeLaval компаниясының технологиялық жабдықтары толық орнатылған. Сүт сауатын алаң автоматтандырылған жүйемен жабдықталып, іске қосуға дайын тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button