Жаңалықтар
Өскеменде супермаркеттен қымбат алкоголь ұрлап кеткен

Облыс орталығында жергілікті супермаркеттен екі рет алкоголь өнімдері ұрланғаны анықталды.
Бірінші оқиға 11 ақпанда болған. Белгісіз ер адам сауда сөрелерінен төрт бөтелке виски мен жеке гигиена құралдарын жасырын алып шығып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 88 мың теңгеден асқан.
Тағы бір осындай жағдай былтыр қараша айында тіркелген. Сол супермаркеттен жалпы құны шамамен 120 мың теңгеге жуық алкоголь өнімдері ұрланған.
Оқиғалар бейнебақылау камералары арқылы анықталып, күдіктілердің жеке басы белгілі болды. Олар полиция бөліміне жеткізілген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.



