Басты жаңалықЖаңалықтар
Ұлттық киім шеруі өтті — ШҚО

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Тарбағатай ауданында ерекше “Ұлттық киім шеруі” ұйымдастырылды.
Тарбағатайда 300-ге жуық жергілікті тұрғын ұлттық киім шеруіне қатысты. Шеру дәстүрге сай атқа мінген азаматтардан басталып, Қыдыр ата, ақсақалдар мен әжелер, қазақи киінген ұл-қыздармен жалғасты.
Ұлттық киім – тек сәндік безендіру емес, ол қазақ халқының мәдени мұрасы, тарихы мен рухының айнасы, ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрдің көрінісі және әр ұрпаққа ұлттық мақтаныш пен өзіндік ерекшелікті сездіретін алтын қазына.
Ал бүгінгі шара осы рухани байлықты насихаттап, қоғамдағы бірлік пен дәстүрге деген шынайы құрметтің айқын көрінісі ретінде есте қалды.



