Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да су тасқынына дайындық 90% аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды. Қазіргі таңда өңірдегі гидрологиялық жағдай тұрақты, өзендердегі су деңгейі қауіпті межеден аспаған.

-Облыс бойынша 71 елді мекенде су тасқыны қаупі бар. Онда шамамен 8,5 мың адам тұрады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 16 елді мекенде қауіп толық жойылып, 50 ауылда азайған. Ал 5 елді мекенде қауіп әлі де сақталып отыр. Қар шығару және басқа да жұмыстардың 90 пайызы орындалған,-деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Блялов Қара Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Күршім, Абылайкит және Ақсу өзендерінде мұз кептелуі болуы мүмкін екенін ескертті. Жоғары қауіп аймағына бірнеше аудан кіріп отыр.

Қазір өңірде төтенше жағдайларға қарсы 3600-ден астам адам, жүздеген техника мен арнайы құралдар дайын тұр. Жолдарда да қауіпті учаскелер анықталып, арнайы қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі аудан және қала әкімдеріне елді мекендерден қарды уақытында шығарып, өзендердегі су деңгейін тұрақты бақылауды тапсырды. Сондай-ақ жағалауларды бекітіп, су тасқынына қарсы қажетті материалдарды алдын ала дайындау керектігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button