Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде қай көшелер жөнделеді?

Облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары жақын уақытта басталады.

—Биыл 48 учаскеде орташа жөндеу, ал 70 учаскеде қиыршық тасты жолдарды ретке келтіру жоспарланған. Жұмыстар ең алдымен Әуезов және Назарбаев даңғылдарында, сондай-ақ Пермитин, Лихарев, Молдағұлова көшелері мен Славский жағалауында жүргізіледі,-деді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір кей жерлерде шұңқырларды уақытша толтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда жүргізушілер мұның ұзаққа шыдамайтынын айтып шағымданып жатыр.

Мамандардың айтуынша, барлық көшені бірден жөндеу мүмкін емес. Сондықтан кейбір аудандарда әзірге тек шұңқырларды жамап, кейін толық жөндеу жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button