Өскеменге 12 жаңа автобус келді

Өскеменде қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр. Қала әкімі Алмат Ақышов жаңа әкелінген автобустардың сапасын тексерді.
“Voska” компаниясы қалаға жолаушылар тасымалдау үшін 12 автобус сатып алды.
—Қала тұрғындарын тасымалдауға арналған автобустарды жаңарту облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тікелей бақылауында. 12 қоғамдық көліктің біреуі — гибридті автобус, яғни ол тоқпен жүреді. Ал қалғандарының экологиялық стандарттары жоғары. Сондықтан қала экологиясына оң нәтиже береді деп сенеміз, — деді Алмат Ақышов.
Жаңа автобустар Саран қаласында шығарылған. Олар заманауи құралдармен жабдықталған: мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған және жолаушылар телефондарын қуаттай алады.
Қазіргі таңда Өскемендегі автобустардың 65-70%-ы жаңартылған. Қала билігі алдағы 1-2 жылда бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.



