Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде 80 қорап шоколад ұрлаған ер адам ұсталды

Ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет ұрлық жасаған ер адам қолға түсті.
Тергеу мәліметінше, ол қаңтар мен ақпан айлары аралығында дүкеннен тауарларды жасырын түрде алып шығып жүрген. Күдікті заттарды киімінің астына жасырып, кассаға төлемей кетіп отырған.
Осылайша ол барлығы 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған. Сонымен қатар косметика, азық-түлік және жеке гигиена заттарын да жымқырған. Келтірілген шығын 250 мың теңгеден асқан.
Күдікті бейнебақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.



