Басты жаңалықЖаңалықтар

Жақсылық Омарға алты жыл жаза сұралды-ШҚО

Өскеменде облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот отырысы өтті.

Сотта прокурор оны ірі көлемде алаяқтық және пара алу баптары бойынша кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, оның Camry көлігін тәркілеу, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салу және “Құрмет” орденінен айыру ұсынылды.

Еске салсақ, өткен айда әлеуметтік желілерде оның ұсталғаны туралы ақпарат тараған. Кейін бұл мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Бұған дейін Жақсылық Омар Өскемен қаласының әкімі болып алты жыл жұмыс істеген.

Қазір сот процесі әлі жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button