Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгерді

Өскеменде кезекші Халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді. Енді 1 сәуірден бастап кезекші қызмет көрсету жұмыстарын Сәтбаев даңғылы, 34/2 мекенжайында орналасқан №1 орталық атқарады.
Бұған дейін бұл қызмет Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайындағы №2 ХҚКО-да көрсетіліп келген. Енді ол бұрынғы қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді, ал сенбі мен жексенбі — демалыс күндері.
Ал кезекші ХҚКО-лар ұзартылған режимде қызмет көрсетеді. Яғни, жұмыс күндері таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін ашық болады.
Тұрғындарға құжат рәсімдеу кезінде жаңа мекенжайды ескеруге кеңес беріледі.



