Басты жаңалықЖаңалықтар

Үлкен Нарында бассейн құрылысы қашан аяқталады?

Үлкен Нарын ауданында көптен күткен бассейн құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов ауданға жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды нысандардың жағдайымен танысты. Соның ішінде туристік ақпараттық орталықтың аумағын абаттандыру жұмыстары да қаралды.Жоба аясында аумаққа тас төселіп, шамдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады. Қазіргі таңда жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр.

Ал 2021 жылы басталған бассейн құрылысы бұрынғы мердігерге байланысты тоқтап қалған. Қазір жаңа мердігер тартылып, құрылыс қайта жанданды. Қажетті материалдар алынып, дайындық жұмыстары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button