Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да 90-ға жуық электр станциясын салуға болады

Өңірде гидроэнергетиканы дамытуға үлкен мүмкіндік бар.Облыста шамамен 90 су электр станциясын салуға болады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді.

Кездесуде өнеркәсіп, туризм және энергетика салаларын дамыту мәселелері талқыланды. Әкімнің айтуынша, өңірде туризмнің әлеуеті жоғары, қазір бұл бағытта арнайы жоспар әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ аймақта экологиялық жағдайды жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Өскемендегі ауа ластануына өндіріс орындарынан бөлек, жылу электр орталықтары, жеке үйлердегі пештер және автокөліктер де әсер етеді. Қалада 130 мыңнан астам көлік тіркелген.

Қолайсыз ауа райы кезінде кейбір кәсіпорындар өндіріс көлемін уақытша азайтады. Ал экологтар ауа сапасын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Кездесу аясында Қанат Шарлапаев өңірдегі бірқатар кәсіпорындарды аралауды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button