Жаңалықтар
Өнер мен жастық жалын: Өскеменде студенттік көктем дүркіреді

Өскеменде Бірлік күніне орай «Достық толқынында-2026» атты дәстүрлі концерт өтті. Республика алаңында ұйымдастырылған шараға 6 колледж бен 3 университеттің студенттері қатысып, өз өнерлерін көпшілікке ұсынды.
Шараға жиналған халықтың қарасы көп болды. Кеш барысында түрлі бағыттағы билер мен әсем әндер орындалып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтап, студенттердің заң мен тәртіп тақырыбын өнер арқылы шебер жеткізе білгенін атап өтті.
Концерт соңында әр университет пен колледжге ақшалай сертификаттар табысталды. Сағат 21:00-де Республика алаңындағы субұрқақ іске қосылып, мерекенің көркін қыздыра түсті.



