Жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші қайда кетті?

Металлургтер саябағында тұрған Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің мүсіні алынып тасталды. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, ескерткіш саябақтың жалпы тақырыбына сәйкес келмейді. Сондықтан оны басқа жерге көшіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазір мүсін әкімдіктің сақтауында тұр. Алдағы уақытта оны қай жерге орнату керек екені спорт ардагерлері және сала мамандарымен бірге талқыланбақ.

Айта кетейік, бұл ескерткіш саябаққа былтыр ғана қойылған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button