ДенсаулықЖаңалықтар
Өскеменде екі мыңнан астам адамды кене шаққан
Өңірде кене маусымы әлі де қауіпті болып тұр. Облыс орталығында кене шағуына байланысты 2155 адам дәрігер көмегіне жүгінген.
Олардың 600-ден астамы — балалар мен жасөспірімдер. Дегенмен былтырмен салыстырғанда шағымданушылар саны азайған.
Биыл өңірде кене энцефалитінің бір жағдайы Өскеменде тіркелді, Сонымен қатар, Лайм ауруының екі жағдайы Зайсан ауданында анықталды.
Дәрігерлер табиғат аясына шыққанда сақ болуға, жабық киім киіп, денені жиі тексеріп отыруға кеңес береді.



