Жаңалықтар
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

Облыста 10 маусымнан бастап бірінші сыныпқа баратын оқушылардың құжаттарын қабылдау басталады.
Ата-аналар өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы немесе eGov.kz порталы арқылы онлайн бере алады. Қызмет тәулік бойы қолжетімді, сондықтан құжаттарды үйден шықпай-ақ рәсімдеуге мүмкіндік бар.
Өтініш беру үшін сайтқа кіріп, қажетті мәліметтерді толтырып, құжаттарды тіркеу жеткілікті.



