Жаңалықтар

Tik Tok арқылы жұмысқа тұрған «курьер» ұсталды

Өскеменде ірі көлемдегі есірткі тасымалдады деген күдікпен 51 жастағы ер адам ұсталды.

Полиция қызметкерлері саяжай аумақтарының бірінде күдіктіні қолға түсірген. Автокөлік пен оқиға орнын тінту барысында шамамен екі келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, ер адам бір ай бұрын TikTok арқылы интернет-дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан. Куратордың тапсырмасымен тыйым салынған заттарды Алматыдан Өскеменге жеткізіп отырған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button