Басты жаңалықЖаңалықтар

Азық-түлік бағасы арзандай ма?

Жаз айларында азық-түлік бағасының өсу қарқыны баяулауы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде инфляция біртіндеп төмендеп келеді. Жаз мезгілінде жеміс-жидек пен көкөніс секілді маусымдық өнімдердің нарыққа көптеп шығуы бағаның тұрақтануына әсер етеді.

–Әдетте жаз айларында азық-түлік бағасы маусым айының ықпалымен төмендейді. Сондықтан маусым, шілде және тамыз айларында дезинфляциялық процестерді күтіп отырмыз, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ, инфляцияның баяулауы жалғасса, базалық мөлшерлемені төмендету мәселесі қарастырылуы мүмкін.

Ұлттық банктің мәліметінше, мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 10,4%-ға дейін төмендеген. Ал азық-түлік инфляциясы 10,7%-ды құрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button