Жаңалықтар
Тегін киім-кешек пен қажетті заттар алуға болады–Өскемен

13 маусым күні Өскеменде «Бірге жақсылық жасайық» еріктілер ұйымының қайырымдылық бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында көмекке мұқтаж тұрғындар мен олардың жақындары қажетті заттарды тегін ала алады. Келушілерге киім-кешек, аяқ киім, балаларға арналған бұйымдар, тоқыма өнімдері және күнделікті тұрмысқа қажетті өзге де заттар ұсынылады.
Ашық есік күні Карбышев көшесі, 54 мекенжайында орналасқан «Мирный» базарында өтеді.



